Қалалық семинар«Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Мектеп жасына дейінгі баланың табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі мектеп жасына жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігі»

25.11.2024 жылы Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты №194 бөбекжай балабақша базасында Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Мектеп жасына дейінгі баланың табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі мектеп жасына жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігі» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қалалық семинар өтеді
Тақырыбы: «Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі мектеп жасына жасына дейінгі балалардың қауіпсіздігі»
Іс-шараның мақсаты – мектепке дейінгі білім беру саласындағы педагогтерге балалармен табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік мәдениетіне оқыту бойынша озық тәжірибелерін көрсету, тәжірибе алмасу . педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Семинарда инновациялық әдістер мен технологиялар ұсынылып, қатысушыларға теориялық және практикалық тұрғыда білім мен дағдылар беріледі.
*Семинар бағдарламасы*:
1. Тренинг – квест картасы бойынша тапсырмаларды орындау маршрутын жоспарлау және команда құру бойынша воркшоп
Тәрбиешілер: 1.Рышымбетова Лида Ерболовна
2.Сағынай Тұрсынай Мандибайқызы
3. Жуманбаева Гаухар Дуйсенбаевна
2. «Құтқарушылар лабиринті» тренинг-квест ойыны
Ересек топ тәрбиеленушілері
101-бекеті
102- бекеті
112- бекеті
3. Мектепалды топ «Жас құтқарушылар» спорттық эстафеталық ойын
Дене шынықтыру нұсқаушысы - Елубаев Қайыржан Нұрлыбайұлы
Семинарға келесі қонақтар қатысады:
1 Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық басшысы-Карасёва Н.В
2.Қалалық мектепке дейінгі ресурстық орталық әдіскері-Масакбаева Л.Т
3.Наурызбай ауданының білім бөлімінің басшысы Бубекбаева Ш.Н
4. Наурызбай аудандық әдістемелік бірлестік мүшелері
5. БАҚ «Білім айнасы» журналисі-Уахитова Ақерке Амангелдіқызы, сонымен қатар іс-шараға мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, әдіскерлері қатысады. Семинарда қатысушылар тренинг-квест барысында төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерді модельдеу, маршрут құрастыру, командалық шешім қабылдау сияқты нақты тәжірибелік тапсырмалар орындайды. Бұл қатысушыларға балалардың төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік мәдениетіне қалыптастыруда жаңа мүмкіндіктерді ашуға арналған пайдалы және мазмұнды шара болмақ.

