06
қараша
2025
25 қазан Республика күні
Ел тәуелсіздігін ұлықтайтын бұл айтулы мереке бүкіл еліміз бойынша ерекше рухпен аталып өтуде. Осы орайда Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты №194 бөбекжай-балабақшасында Республика күні мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шарада балдырғандар көк тудың астында елге деген сүйіспеншіліктерін ән, би және өлең арқылы көрсетті. Балалардың өнері тамаша болып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе, олардың орындауындағы патриоттық әндер мен әсерлі билер жүректерге рух пен қуаныш сыйлады.
Іс-шараға балабақша педагогтерімен қатар ата-аналар мен «Әжелер мектебінің» мүшелері де белсене қатысты. Ұлттық дәстүр мен тәрбиенің алтын діңгегін ұстанған әжелер өскелең ұрпаққа ақ тілек айтып, мерекенің мазмұнын байыта түсті.
Мерекелік жиын жылы жүзді кездесуге, ұлт рухын дәріптеуге және балалардың бойына Отанға деген сүйіспеншілікті сіңіруге бағытталды.
Мерекенің жоғары деңгейде өтуіне балабақша меңгерушісі мен әдіскерінің үйлесімді жұмысы, сондай-ақ шығармашыл ұжымның бірлігі мен белсенділігі ерекше әсер етті. Ұжымның ұйымшылдығы мен балаларға деген шынайы сүйіспеншілігі шараның мәнін арттырып, Республика күніне арналған мерекені жарқын әрі есте қаларлық деңгейде өткізуге мүмкіндік берді.
№194 бөбекжай-балабақшасының ұжымы ұйымдастырған бұл іс-шара - тәуелсіз еліміздің 35 жылдық мерейтойына арналған тағылымды тарту болды.