15
қыркүйек
2025
"АДАЛ АЗАМАТ" БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖОСПАРЫ. 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫ КМҚК "194 бөбекжай-балабақшасы"
"АДАЛ АЗАМАТ" Біртұтас тәрбие бағдарламасын
іске асыру жоспары.
«Қағидамыз – әділдік,
тірегіміз – жауапкершілік,
мақсатымыз – өрлеу»
К.Тоқаев
Мақсаты: қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
- отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- адалдық, әділдік, мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
- табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
- өз құқығын, басқа адамдардың құқықтарын қорғауға дайын болуға баулу;
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
- өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
- еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
- біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
