Алматы қаласы Білім басқармасының
«№194 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 360-44-29
Есепші бөлімі:
+7(700) 505-19 62
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАЙТАБАННЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Ата-аналарға кеңес
06
наурыз
2026

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАЙТАБАННЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ Ата-аналарға кеңес


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МАЙТАБАННЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

                                                                                         Денешынықтыру нұсқаушысы Елубаев Қайыржан

Табанның дамуы жылдам жүреді. Баланың жынысы мен жас ерекшелігіне байланысты табанның дұрыс сәйкестігін тексеруге болады. Баланың сәл ауырлықтың әсерінен және жүргеннен кейін ауырсынуларына, айтқан шағымындарына үлкендер назар аударып, сақтанғаны жөн. 

Майтабан бол мауы үшін берілген жаттығуларды, отырып та, тұрып та орындауға болады: 

  1. Табанды сылау. Орындықта отырып, аяқты соза мыз, оң аяқтың табанын сол аяқтың үштен бір бөлігіне қойып, белсенді уқалаймыз. Кезекпен аяқты ауысты рып, уқалаймыз.
  2.  «Балерина». Орындықта отырып, аяқтың сау сақтарымен еденге тірелу. Кіші адым жасап, балерина сияқты билеу. Тізені ішке бүкпеу.
  3.  Аяқтың ұшы мен өкшені кезекпен көтеру.
  4.  Аяқтың ұшы мен өкшені жаю.
  5.  Жағажайда. Балалар жағажайда аяқтарының сау сақтарымен құмды ұстағандай көрсетеді. 
  6. Дөңгелекті сал. Балалар дөңгелек қозғалысты бір жақтан екінші жаққа аяқтың үлкен саусағымен орын дайды. 
  7. Құтан. Тұрып яқтың ұшымен жүру, арқаны түзу ұстау. 
  8. Тышқандар: Мысық естімесін деп тышқан аяқ ұшымен жүреді. 
  9. Піл: Тұрып, өкшемен жүру. Аяқтың ұшы ішке бұрулы. Денені түзу ұстаған жөн, демді іште ұстамай, дем алу.
  10.   Мысық: Мысық ұрланып кіреді. Аяқ ұшымен жүру. Мысық жүгіреді. Аяқ ұшымен жүгіру. Мысық секіріп, көбелекті ұстайды. Жәй секіру, түгел табанмен жерге түсу. 
  11.  Қонжық. Тұрып, табанның сыртымен жүру, сосын ішімен. Қолымыз белімізде. 
  12. Мәз аяқтар. Отырып орындау. Аяқты екінші аяқтың табанына қою, ұшына қою, орындықтың астына алу. Екінші аяқпен де солай жасау, 4 рет қайталау.
  13. Серіппелер. Аяғымызды серіппеге қойдық деп елестетеміз. Бұл серіппелер еденнен секіріп, аяғы мыздың ұшын лақтырғаны сонша, табанымыз еден нен алшақтап, жоғарыға көтеріледі, ал өкше еденде қалады. Тағы да табанымызды еденге итеріп, ұстап тұрамыз.
  14.  Қаттырақ! Күштірек! Қалай ауыр! Аяғымыз қысыңқы. Серіппені басуды доғарамыз. Аяғымызды босаңсытамыз. (қозғалыстарды көрсету )

 Не деген қызықты серіппе. Аяқ киіміме ілікті? Осы кезде балалар аяқтарының ұштарын көтереді, ал өкшелері еденде қалады.