Егер бала дыбыстарды дұрыс айта алмаса!
Егер бала дыбыстарды дұрыс айта алмаса!
Егер бала дыбыстарды дұрыс айта алмаса, ең алдымен логопед-дефектолог маманнан кеңес алып, тіл бұл шықеттерін дамытатын артикуляциялық жаттығулар жасау керек. Ойын түрінде дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру, есту қабілетін тексеру және тіл кемшілігінің себебін (биологиялық, жүйке жүйесі) анықтау маңызды.
Бала дыбысты дұрыс айтпаған жағдайда не істеу керек?
- Логопедке көріну: Баланың жасына қарай дыбыстарды айту нормаларын анықтау және қажет болса, түзету жұмыстарын бастау.
- Артикуляциялық жаттығулар: Тіл, ерін бұлшықеттерін шынықтыратын арнайы жаттығуларды күнделікті жасау.
- Есту қабілетін тексеру: Бала дыбысты дұрыс естімесе, дұрыс айта алмайды.
- Ойын түрінде оқыту: Дыбыстарды ойын арқылы, қызықтыра отырып қайталату.
·Себебін анықтау: Дыбыс айта алмау жүйке жүйесінің зақымдануынан немесе тіл асты жүгенінің қысқалығынан болуы мүмкін.
- Көптеген ата-ана «Балам қашан сөйлейді?» деп күтіп жүреді. Бірақ сөйлеу — бұл күрделі процесс. Ол өздігінен пайда болмайды, оның негізі ерте жастан қаланады.
- Балаңыздың сөйлегенін қаласаңыз — осы 5 бағытты дамытыңыз!
- Егер сіз балаңыздың тілі еркін әрі ерте шыққанын қаласаңыз, күнделікті мына 5 маңызды нәрсеге көңіл бөліңіз
- 1️. Еліктеу. Бұл сөйлеудің алғашқы баспалдағы. Бала сіздің дыбыстарыңыз бен қимылдарыңызды қайталау арқылы әлемді таниды. Еліктеу жоқ жерде — сөйлеу де болмайды.
- 2️. Естіп қабылдау. Тек есту жеткіліксіз, дыбыстарды ажырата білу (фонематикалық есту) маңызды. Бұл — сөздердің мағынасын түсінудің кілті.
- 3️. Моторика. Саусақ ұштарындағы жүйке нүктелері мидағы сөйлеу орталығымен тығыз байланысты. Ұсақ моторикамен айналысу — тілді «ояту» деген сөз.
- 4️. Тыныс және үрлеу. Дұрыс тыныс алу — дыбыстардың анық шығуына көмектеседі. Үрлеу жаттығулары артикуляциялық аппаратты нығайтады.
- 5️. Қарым-қатынас қажеттілігі. Баламен тірі диалог жасаңыз. Оған сөйлеуге деген қажеттілік пен қызығушылық тудырыңыз.
- ✨ Есіңізде болсын: Әрбір бала ерекше, бірақ жүйелі даму — үлкен нәтижелерге бастайды!
Баланың тілін қалай тез шығаруға болады? 🗣️👶
Көптеген ата-ананы «Балам қашан сөйлейді?», «Тілін тездетіп шығару үшін не істеу керек?» деген сұрақтар мазалайтыны анық. Баланың сөйлеу дағдысы — бұл тек ерін мен тілдің жұмысы емес, бұл ми мен ұсақ моториканың тығыз байланысы. 🧠✨
1️. Ұсақ моторика — сөйлеудің кілті!
Конструктор жинау, пластилинмен мүсіндеу, қарындашпен сурет салу саусақ ұштарындағы жүйке нүктелерін оятады. Бұл тікелей мидағы сөйлеу орталығына әсер етеді.
2️. Кітап оқу — сөздік қордың негізі! 📚
Күніне небәрі 15-20 минут кітап оқып беру арқылы баланың құлағына жаңа сөздерді сіңіресіз. Түрлі-түсті суреттерді бірге талқылаңыздар.
3️. Сөздерді бұрмаламаңыз! 🚫
Балаңызға «еркелету» мақсатында сөздерді бұзып сөйлемеңіз (мысалы: «тамақ» деудің орнына «нәм-нәм»). Бала сөздің дұрыс нұсқасын естіп өсуі керек.
4️. Бірге ойнау — еліктеу процесі!
Бала ересектерге еліктеу арқылы дамиды. Онымен бірге жерге отырып ойнаңыз, әр іс-әрекетіңізді дауыстап айтып отырыңыз.
5️. Эмоция мен байланыс! ❤️
Баламен көзбе-көз қарап сөйлесу, оның дыбыстарына жауап беру — оның сөйлеуге деген ынтасын арттырады.
КМҚК «№194 бөбекжай- балабақша» Логопед Р.Дуанбекова