Ата- аналарға қызылша (корь) ауруы туралы
КМҚК №194 балабақша медбикесі Авазханова Айзада
Қызылша мен қызамық – біріне бірі өте ұқсас жұқпалы аурулар. Екеуінің де қоздырғышы вирус. Ауру ауа арқылы жұғады. Екеуіне тән негізгі белгі – денеде бөртпелердің пайда болуы. Қызылша. Вирус адам ағзасына тыныс алу жолдары арқылы енеді, көбейіп, қанға енеді. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды. Қызылшаның белгілері? Тұмау ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады (дене қызуының көтерілуі, жөтел, көздің жасаурауы, мұрынның ылғалдануы). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң денеде анық қызық бірігетін бөртпелер пайда болады. Бастапқыда бетте, құлақтың артында, сонан соң барлық денеге тарайды. Ауру айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 4 күн, пайда болғаннаң кейін 4 күн ішінде залалды болып саналады
Қызылшаның қаупі неде? Қызылша асқынуларымен қауіпті, олар – ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхоның, ми қабықтарының қабынуында көрініс табады. Кез келген асқанудан адам өліп кетуі мүмкін.
Қызылшаны қалай емдейді? Қызылшаны да, кез келген вирусты жұқпа секілді емдеу қиынға соғады. Қызылшаны арнайы емдейтін препараты жоқ. Антибиотик терді тек оның асқынуына жол бермеу мақсатында пайда ланады. Науқасқа витаминдерге бай тағамдар (көкөністер, жемістер, шырындар), көп мөлшерде сұйықтық ішу қажет.
Қызылшадан қалай сақтану керек. Қызылшадан алдын ала егу арқылы ғана сақтануға болады. Қызылшадан сақтанудың бұл әдісі өткен ғасырдың 60 жыл дарынан бастап 1 және 6 жастағы балаларға егілу жасау арқылы қолданылып келеді. Қызылшаға қарсы вакцинаны ойлап шығару – бұл медицина ғылымының үлкен жеңісі. Есте сақтаңыз! Егуден бас тарта отырып, Сіз өте ауыр, асқынулары тіпті өліп кету қаупі бар ауруды таңдайсыз. Қызылша ауруынан сақтанудың ең сенімді кепілі – ол ВАКЦИНАЦИЯ